KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Өскеменде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайтын пункті ашылды

9.06.2020, 11:36 164

Өскеменде балалар мен әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайтын арнайы пункті ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазақстанда 26 мамырдан бастап «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес іске асыратын «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында әрбір өңірде арнайы топтар жасақталып, орталықтандырылған  негізде жұмыс бастады. Бұл топтар отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты жедел анықтап, алдын алуға қатысты шараларды жүзеге асырады. Әсіресе әйелдер мен балалар құқығының қорғалуына қолғабыс етеді.

Осы бастамаға сәйкес республика бойынша бірінші болып іске кірісіп кеткен Өскемендегі жедел пунктілер болды. Солардың бірі Максим Горький, 86 мекенжайында орналасқан. Жедел топтардың құрамында партия, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және ювеналдық полиция, ҮЕҰ өкілдері және белсенді азаматтар бар. Енді бұл мамандар құқықтық қорғауға мұқтаж жандарды тауып көмек көрсете бастайды. Сондай-ақ арыз-шағым айтып келген тұрғындарды кез-келген уақытта қабылдап, көмектесуге дайын.

– Тұрмыста қиындыққа тап болған отбасыларға көмектеу басты мақсат болмақ. Мәселен мен әсіресе балалар құқығының қорғалуына баса назар аударғым келеді. Олардың тиісті дәрежеде білім алып, қатардан қалмауына жағдай жасауымыз керек, – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Ақерке Абылайхан.       

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу