Өскемендегі көшелердің бірі уақытша жабылады
Шартты сурет
Облыс орталығындағы жол учаскелерінің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады.
Бұл туралы Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Көлік жүргізушілеріне уақытша өз маршруттарын өзгертуге тура келеді.
"13 мамырда сағат 09:00-ден 14 мамырда сағат 18:00-ге дейін Интернациональная көшесінің Абай даңғылынан Волгоградская көшесіне дейінгі учаскесі асфальттың жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жабылады", деді ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Оқи отырыңыз