Өскеменде үш автобустың маршруты өзгереді
Өскеменнің Красин кентінде су құбырлары салынады. Осыған байланысты үш қоғамдық көліктің жол жүру бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ертеңнен бастап Пушкин көшесіне, Алтай көшесінің қиылысынан Толстой көшесінің қиылысына дейін, су құбырын салу жоспарлануда. Осыған байланысты 12 шілде күні сағат 21:00-ден 1 тамыз 21:00-ге дейін көше жабылады.
– № 7, 47, 230 автобустар екінші көшемен (кемежай жақтағы) жүретін болады, – деп хабарлады Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Оқи отырыңыз