KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Өскемен гарнизонының әскери қызметшісі бітімгерлік миссиясына қатысты

15.05.2023, 15:09 340 Ләззат Қанатқызы

Қазақстандық бітімгерлердің кезекті ротасы елге оралды. Олардың арасында Өскемен гарнизонының әскери қызметшісі де бар.

Өскемен гарнизонына қарасты 27943 әскери бөлімінің барлау ротасының бөлімше командирі сержант Санат Қазыбеков «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» миссиясына аттанған болатын. Ол 6 ай бойы Ливандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі көпбейінді кешенді миссияға қатысты, деп хабарлайды Altaynews  тілшісі.

Әскери қызметшілер жергілікті жерді патрульдеуде, бақылау бекеттеріндегі тексеріс жұмыстарында, блок-бекеттерді ұйымдастыру мен миссияның басқа да іс-шараларында белсенділік танытты.

–  «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» миссиясына 6 ай бұрын аттандым. Ол жерде адал қызмет етіп, жоғары жауынгерлік даярлықтан өткенімізді дәлелдеуге тырыстық. Отанымыздың ғана емес, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері сапында жүрген әрбір әскери қызметші патриотизм мен әскери қызметті жоғары деңгейде ұйымдастыруды жетік меңгергенін және жауынгерлік әзірліктің жоғарғы үлгісін көрсетуге күш-жігерімізді салдық, – дейді 27943 әскери бөлімінің барлау ротасының бөлімше командирі сержант Санат Қазыбеков.

ҚР атынан бітімгерлік миссияға қатысу әлемдік аренада еліміздің беделін нығайтуға жол ашады. Қазақстандық әскери қызметшілер Ливандағы бітімгерлермен бірлесіп жүктелген міндеттерді орындауда да асқан жауапкершілікпен көзге түскен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу