Өскемен: тағы бір саябақ жөнделеді
Қала тұрғындары арасында өте танымал «Сәулетай» саябағының жөндеу жұмыстары 15 маусымда басталады.
Тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналған саябақ 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Саябақ үш аймаққа бөлінеді. Бірінші аймақта спорт, яғни волейбол, баскетболға арналған алаң мен аттракциондарға арналған жабық павильон орналасқан. Екіншісінде балаларға арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі, ал үшінші аймақта түрлі ойын алаңдары бар.
Айта кету керек, аталмыш саябақ тек 2016 жылы ғана әкімдіктің меншігіне өткен. Сондықтан ұзақ уақыт жөндеу көрмегендіктен қала тұрғындары алаңдардың тозып тұрғанын айтып жиі шағымданатын.
Демалыс аймағын жөндеуге шамамен 20 миллион теңге бөлінген.