Тәртіп сақшыларының қызметтік көлігі тексерілді – Өскемен
Өскемен қалалық полиция басқармасында қызметтік автокөліктердің техникалық жағдайы тексерілді.
Қызметтік көліктерді тексеру автокөліктердің қызметке жарамдылығын анықтау, қажетті техникалық дайындық деңгейін қамтамасыз ету, қызметтік көліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мамандар көліктердің техникалық жағдайын, жарық, дыбыс жабдықтарының жұмысын бақылады. Сонымен қатар авариялық белгінің, өрт сөндіргіш пен тростың, жол құжаттамасының болуы, автокөліктердің қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталуы да талап етілді.
Дерекке сәйкес, техникалық тексеру нәтижесі қызметтік көліктер техникалық талапқа сай екенін көрсеткен.