KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
485.11 523.82 5.02

ШҚО полицейлері жаңа үлгідегі формамен қызметке кірісті

4.04.2022, 15:19 256

31 наурыз күні Өскеменде жаңа үлгідегі нысанды киімдегі полиция қызметкерлерінің саптық байқауы өткізілді.

ШҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Серік Жүнісбеков полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруға дайындығын, сондай-ақ қызметтік автокөліктің техникалық жағдайын тексерді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елді дамуының жаңа кезеңіне шығаруға қабілетті бірқатар реформаларды атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Полицияның сервистік моделі» іске асырылуда. Бұдан басқа, «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын іске асыру мақсатында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Өзгерістерге жасалған қадамдардың бірі - қызметкерлердің жаңа киім нысанына ауысуы болды. Полицейлер үшін жаңа нысанды әзірлеу – ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы тармақтарының бірі, - дейді ШҚО ПД бастығы Серік Жүнісбеков.

Жаңа дизайн бойынша тігілген нысанды киім учаскелік инспекторлары мен патрульдік полицейлердің қызмет өткеру ерекшеліктері мен жағдайларын ескере отырып жасалған. Құқық қорғау органының қызметкерлері өз қызметін жарық шағылыстырғыш элементтерімен матадан тігілген ерекшелік белгілері бар көк нысанды киімде атқарады. Сонымен қоса нысанды киімде жазулар латын әріптерімен басылғанын көре аламыз.

Байқау барысында ШҚО полициясының басшысы нысанды киім үлгілерін, әрбір полиция қызметкерінде жетондар, төсбелгілер мен қызметтік куәліктердің болуын және қызметтік автокөліктерді, ондағы қажетті құрал жабдықтардың талапқа сай келуін мұқият тексерді. Себебі, құқықтық тәртіп сақшылары кез келген уақытта халықпен тығыз қарым-қатынаста болып, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етуі, сондай-ақ мінсіз қызмет атқаруы қажет.

Соңында полиция қызметкерлері салтанатты шерумен өтіп, қызмет өткеру орындарына аттанды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив