KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,9 м/с, В
479.71 533.77 5.16

Үлбі жағалауы бойындағы автожол құрылысы жалғасып жатыр – Өскемен

29.05.2023, 16:34 425

Өткен жылы күзде Өскемен қаласының Үлбі жағалауы бойында автожол салу жобасы бойынша жұмыстарды бастау туралы шешім қабылданған еді. Қала әкімі Жақсылық Омар бұл шешімнің толықтай ақталғанын мәлімдеді.

Жаңа автожол құрылысының бірінші кезеңі аяқталуға шақ қалған. Қазір Спорт сарайынан Шәкәрім даңғылына дейінгі жаңа учаскеде асфальт төселе бастады. Жұмыс шілденің ортасына дейін аяқталып, автокөлік қозғалысы ашылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Біз барлық дайындық жұмыстарын жүргіздік, негізгі учаске бойынша қозғалыс жаздың басында ашылып қояды. Сондай-ақ қазір Шәкәрім даңғылының тұсындағы көпір астынан өтетін жолдың негіздемесі әзірленіп жатыр, бұл ыңғайлы жол айрығын қамтамасыз етеді. Жолдың жүретін бөлігі дайын болған соң мердігер жағалауды абаттандыру жұмыстарын бастайды. Бұл ауданда рекреациялық аймақтар аса көп емес, сондықтан жаңа жоба осы маңдағы көптеген тұрғындар үшін демалыс пен бос уақыт өткізетін орындардың біріне айналады. Онда скверлері, жағалауы, суға апаратын жері бар кешенді кеңістік пайда болады. Ірі саябақтар да жасау жоспарланып отыр", – деп жазды қала әкімі Жақсылық Омар.

Қала әкімінің мәліметінше, жаңа жол Абай даңғылынан, Үлбі көпірінен және Астана көшесінен қатынайтын көлік ағынын тиімді бөлуге мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив