KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, СБ
463.77 495.49 5.31

Өскемендегі тағы бір жол учаскесі жабылады

18.05.2023, 14:46 333 Ләззат Қанатқызы

Биыл Спорт сарайынан ауданынан Тракторная көшесіне дейінгі учаскеде асфальт жабынын толықтай ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Мердігер аталмыш көшедегі көлік қозғалысыын шектемеу үшін көптеген жұмыстады түнгі уақытта жүргізеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жөндеу жүріп жатқан аумаққа барып, жұмыс барысымен танысып қайтты.

- Абай даңғылының жолы 10 жылдан бері толықтай жөндеу көрмеген. Сондықтан да кей жерлердегі жол төсемдері жарамсыз күйге жетті. Сондықтан да биыл осы учаскесіне күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданған болатын. Келесі аптада жұмысшылар қиыршық тас пен мастит асфальтының жоғарғы қабатын төсеуге кіріседі. Осыған байланысты жолдың әртүрлі учаскелері кешкі сағат 21.00-ден таңғы 06.00-ге дейін қозғалыс үшін толығымен жабылатын болады, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Айта кету керек, облыс орталығында жолдарды орташа жөндеудің бірінші кезеңін 15 шілдеге дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Үлбі көпіріндегі жол екінші кезең аясында жөнделеді. Мұнда да асфальт жабыны толығымен ауыстырылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив