KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
477.45 527.1 5.24

Өскемендіктерге кәсіп ашуға грант беріліп жатыр

Фото: inbusiness.kz

31.05.2023, 18:00 347 Мадина Амангелдіқызы

Өз кәсібін ашқысы келетін Өскемен тұрғындарына қайтарымсыз грант беріледі.

2023 жылы өскемендіктерге барлығы 90 грант бөлінген екен. Бұл тегін қаржы алып, өз кәсібін ашуға жақсы мүмкіндік, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мемлекет тарапынан қолдау көрсету мақсатында берілетін гранттың мөлшері – 1 млн 400 мың теңге.

Грант алу үшін өтініш қабылдаудың екінші кезеңі 15-26 мамыр аралығында өткен болатын. Үшінші кезең 10 шілдеден басталып, 21 шілдеге дейін жалғасады. Ал төртінші кезең 4 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейінгі аралықта жүргізіледі.

Аталмыш конкурсқа қатысу үшін business.enbek.kz порталы арқылы өтінім мен бизнес-жоспарыңызды беруіңіз қажет. Өтінімді сондай-ақ қалалық жұмыспен қамту орталығына барып бере аласыз. Конкурсқа қабылдау автоматты түрде жүзеге асырылады. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін өтінім берген үміткерлерге 1414 нөмірінен бизнес жобаларын қорғау жөніндегі комиссияның күні, уақыты және орны туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

Қосымша ақпаратты 700-659 телефон нөмірі арқылы немесе Шәкәрім даңғылы, 149/10 мекенжайы бойынша (5-ші кабинет) алуға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив