Өрт сөндірушілер қуғын-сүргін құрбандарын еске алды – Өскемен
Фото: О. Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ШҚО ТЖД Өскемен қаласының өрт сөндіру бөлімдерінде арнайы шара өтті.
Өрт сөндірушілер О.Бөкей атындағы қалалық кітапханаға барып, экскурсияға қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шара барысында қызметкерлер саяси қуғын-сүргін құрбандары, оның ішінде Қарағандыдағы «КАРЛАГ» лагері туралы дәріс тыңдады. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері өздері жинаған нәубет жылдарына қатысты мәлімет бойынша түсірілген деректі фильмді өрт сөндірушілер назарына ұсынды. Жеке құрам кітапханаға экскурсия ұйымдастырып, рухани қазына ордасын аралады. Өрт сөндірушілер «VR-киіз үйдің» қызығын тамашалап, көрсетілетін қызметтер жайлы ақпарат алып, өрт сөндіру тақырыбына арналған ойын ойнады.