KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Шаурмадан 7 адам уланған — Өскемен

2.06.2023, 18:09 390

Осы жылдың 5 айында облыс бойынша 7 адам астан ұшынған. Дерекке сүйенсек, зардап шеккендер жылдам тамақтануға арналған дүңгіршек-павильоннан алынған шаурмадан уланған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте ШҚО СЭБД басшысының орынбасары Ғалымбек Алин және Өскемен қаласы бойынша СЭББ басшысы Салтанат Базарханова айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
“Тамақтану объектілерінде тамақтан уланудың алдын алу" тақырыбында өткен брифингте талап бұзу деректері айтылды.

– 2022 жылы жаппай тамақтан улану жағдайлары тіркелмеген. 2023 жылдың 5 айында 7 адам зардап шеккен 1 жағдай тіркелген. 2022 жылы ерекше тәртіп бойынша 83 азық-түлік нысаны тексерілді. Ерекше тәртіп бойынша тексеру барысында 73 объектіде санитарлық талаптардың бұзылуы, оның ішінде зертханалық зерттеулердің сәйкес емес көрсеткіштері анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша 90 айыппұл салынды, сомасы – 8 млн теңге. Жеке тұлғаларға – 87, заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты 3 жағдай бар, – деп атап өтті Ғалымбек Алин.

18 мамырда Өскемен қаласы бойынша СЭББ-ке 7 хабарлама келіп түскен. Клиникалық деректер негізінде барлық науқастарға "тағамдық токсикоинфекция" диагнозы қойылған. 5 науқас ауруханаға жатқызылып, 2 адам амбулаториялық жағдайда емделген. Зардап шеккендердің барлығы жылдам тамақтану дүңгіршегінен шаурма алғаны мәлім болып, нысанда тексеру жүргізілді. Дерекке сәйкес, тексеру барысында санитарлық талаптарды бұзудың 14 дерегі анықталған көрінеді. Дәлірек айтқанда, мекеме тиісті орындарға қызметі туралы хабарламастан жұмыс істеген, қызметкерлерден медициналық тексеру анықтамасы сұралмаған, өнімдердің сапасын тексеру жүргізілмеген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив