Коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті – Өскемен
Фото: Altaynews.kz
Бірнеше күнгі аптап ыстық облыс орталығындағы коммуналдық қызметтердің де жұмысына әсер етуде. Қазір олар күшейтілген жұмыс режиміне көшкен.
Тазалықты сақтап, шаңды басу үшін қала көшелеріне су себу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазіргі уақытта 13 көлік жұмыс істеп жатыр. Олар көшелерге су сеуіп, көгалдарды суарады. Сондай-ақ көгалдандыру жұмыстарын жүргізетін адамдардың саны артты. Барлық көшеттер тек түнде суарылады, бірақ күн ыстық болғандықтан молынан суарамыз, дейді «Таза Өскемен» кәсіпорнының қызметкерлері.
Биыл коммуналдық қызметтер қаладағы барлық учаскелерде суару жүйесін жаңартқан болатын. Шөптерді, ағаштар мен гүлдерді суару сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, синоптиктер 8 және 9 маусым күндері тағы да күн ысуы мүмкін екенін болжайды. Демалыс күндері ауа температурасы төмендеуі мүмкін.
Оқи отырыңыз