Мемлекеттік қызметшілер арасында үстел теннисінен жарыс өтеді – Өскемен
Фото: egemen.kz
1 шілдеде Өскемен қаласында мемлекеттік қызметшілердің арасында үстел теннисінен турнир өтеді. Шара Мемлекеттік қызметшілер күніне және Астана күніне арналған.
Жарыс Қаныш Сәтбаев даңғылы, 82/8 мекенжайы бойынша орналасқан үстел теннисі орталығында өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Үстел теннисі жарысы салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту және мемлекеттік қызметте істейтін мықты спортшыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылады. Жарыс сағат 10.00-де басталады.
Жарысқа қатысуға өтінім 29 маусымда сағат 17.00-де Крылов көшесі, 112 мекенжайы бойынша қабылданады (Өскемен қаласының денешынықтыру, спорт және туризм бөлімі).
Толық ақпарат алу үшін 57-01-05 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Жеңімпаздарға грамота, медальдар, кубоктар және бағалы сыйлықтар табысталады.
Қалада бұдан өзге де бірқатар шара ұйымдастырылады. 6 шілдеде "Самал" саябағында 3х3 баскетбол турнирі өтеді. Жарыс 2010-2011 жылдары туған ұлдардан құралған командалар және 2012-2013 жылдары туған жеткіншектерден құралған аралас командалар санаты бойынша өтеді. Байқауға play.fiba3X3 сайты арқылы тіркелуге болады.
Сонымен қатар дәстүрлі садақ ату турнирінің финалдық кезеңі 29 шілдеге ауысқан. Осыған орай іріктеу кезеңі 25 шілдеде өтеді.