KZ
Өскемен
-17°
туман Штиль
503.35 590.63 6.62

Өскемендегі әнші-фонтандар қайта іске қосылды (видео)

5.05.2025, 11:00 354 Гульжан Мусина

 

1 мамырдан бастап Өскемен қаласындағы Республика алаңындағы фонтан кешені қайта іске қосылды. Алғашқы күндері ол музыкасыз жұмыс істегенімен, қазір кешен бұрынғы репертуармен музыкалық-шоу режиміне көшті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жаңартылған музыкалық репертуар әлі дайын емес. Сондықтан әзірге өткен жылғы әуендер қойылып отыр.

Фонтан кешенінің кешкі жұмыс кестесі:

20:00–20:30 — музыкамен жұмыс;

20:30–21:00 — үзіліс;

21:00–21:30 — музыкамен жұмыс;

21:30–22:00 — үзіліс;

22:00–22:20 — музыкамен жұмыс (байсалды әуендер);

22:20–22:40 — үзіліс;

22:40–23:00 — музыкамен жұмыс (байсалды әуендер).

Күндіз фонтан кешені сағат 9:00-ден бастап музыкасыз жұмыс істейді. Әр іске қосылғаннан кейін 30 минут жұмыс істеп, одан соң жарты сағатқа тоқтайды.

Ауа райы қолайсыз болған жағдайда (жаңбыр немесе қатты жел) фонтандар уақытша өшіріледі.

Қала әкімдігі жаңа музыкалық репертуарды әзірлеу жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Видео материалды Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу