KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 4 м/с, З
480.11 532.25 5.14

Трамвай желілері мен жолдары жаңартылады – Өскемен

Фото: time.kz

10.07.2023, 09:45 247 Ләззат Қанатқызы

Биыл облыс орталығында трамвай жолдарын жаңарту жұмыстары жалғасын табады. Өткен жылы жаңартудың бірінші кезеңі өтіп, 1200 шақырым рельстер, жарықтандыру тіректері мен байланыс желілері ауыстырылған болатын.

Ағымдағы жылы трамвай желілері мен жолдарын жаңартудың екінші кезеңі басталады, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

- Трамвай жолдарын жаңарту жобасының екінші кезеңін бастадық. Өткен жылы байланыс желілері, жарықтандыру тіректері мен рельстер ауыстырылған болатын. Енді жұмыстар Қазақстан, Қабанбай батыр көшелерінде, "Daniel" және Әуезов даңғылы тарапынан өтетін съездерде жүреді, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Сонымен қатар ол қала тұрғындарының 30 пайызы осы  қоғамдық көлік түрін қолданатынын, сондықтан оған лайықты жағдай жасау керектігін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы облыс орталығында алғаш рет бірнеше жаңа трамвай сатып алынған еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив