«Мал ұрлығы» жедел-алдын алу шарасы өтеді – Өскемен
Фото: Шартты сурет
Өскемен қалалық ПБ 15-18 мамыр аралығында қала аумағында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық шарасын өткізеді. Шара мал ұрлығын болдырмауға бағытталған.
Шара барысында полиция қызметкерлері мал сою орындары мен ет өнімдерін өткізетін орындарды тексереді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Профилактикалық шара шеңберінде тәртіп сақшылары мал ұрлығының алдын алу бойынша халықпен әңгімелесу жүргізеді.
Полиция қызметкерлері қырағы болу керектігін, төрт түлікті қараусыз қалдырмау және таңба салу қажеттігін ескертті.
«102» нөмірі бойынша дереу хабар беру төрт түлікті ізін суытпай табуға септігін тигізеді.