KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, Ю
504.6 594.27 6.48

Өскеменде лицензиясыз алкоголь сатқан ойын-сауық мекемесі анықталды

Фото: egemen.kz

19.09.2023, 11:08 329

12 қыркүйекте профилактикалық шара барысында Өскемен қаласының полиция қызметкерлері лицензиясы жоқ алкоголь өнімін сатқан ойын-сауық мекемесін анықтады.

ШҚО ПД дерегінше, тексеру барысында жалпы көлемі шамамен 200 литрді құрайтын алкоголь тәркіленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Құрамында спирті бар сұйықтық құйылған бөтелкенің саны 300-ден астам.

– Аталған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деп жазылған ШҚО ПД хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу