KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскеменде бірқатар тұрғын үйлердің құрылысы тоқтатылды

28.09.2023, 11:28 295 Ләззат Қанатқызы

Бүгінгі таңда облыс орталығында 42 коммерциялық көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы қаладан жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын құрылыс салушының рұқсат құжаттамасының бар екеніне көз жеткізу керектігін еске салады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Атап айтқанда, үлескерлердің  қаражатын тартуға рұқсаттар немесе ҚКЖ кепілдігі; жер учаскесіне тиісті құқықтардың болуы (нысаналы мақсатқа сәйкестігі); жобалық құжаттаманың болуы және сараптаманың оң қорытындысының болуына назар аудару қажет. Қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша мына телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 8 7232 40-11-27, - делінген басқарма хабарламасында.

Сондай-ақ ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы облыс орталығындағы 31 нысан бойынша тексеру іс-шаралары жүргізген. Нәтижесінде, 26 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 26 субъектіден анықталған құқық бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді.

- Бүгінгі таңда басқарма құрылыс салушы, уәкілетті компания ҚР ӘҚБтК 320-бабы бойынша "тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заңының талаптарын бұзғаны үшін 5 субъектіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда: "Дейнека" ЖШС, "Royale Finance group" ЖШС, "Elit Stroy group" ЖШС, "Dala SK" ЖШС, "AsilЖолGroup"ЖШС, - дейді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бірқатар тұрғын үйлердің, яғни "MRS Company" ЖШС ("Grand Residence" ТК), "шаңырақ Ел" ЖШС ("Шаңырақ" ТК), "Орда Трейд" ЖШС, Ж. А. Мандайбаева ("ul' ba House " ТК), "Дейнека" ЖШС ("Deluxe town" ТК"), "Elit Stroy group" ЖШС ("Renesans"ТК) құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтатылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу