Әкімдік қандай үйлерді алмау керектігін айтты – Өскемен
Фото: Шартты сурет
Өскемен қаласының әкімдігі мен ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы үй сатып аларда мұқият тексеру керектігін еске салды. Әкімдік азаматтарды жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын нарықты зерттеп, бағалар мен талаптарға талдау жасап, саралауға шақырды.
Құрылыс салушының рұқсаттары мен лицензияларын тексеру үшін әкімдік арнайы телефон нөмірін ұсынған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Үй сатып алар кезде құрылыс салушы компанияның қажетті рұқсаттары мен лицензияларын жіті тексерген жөн. Осыған және өзге де мәселелерге қатысты сауалдар бойынша 8-7232-57-78-71, 8-7232-26-15-53 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.
Сонымен қатар үй сатып аларда келісімді мұқият оқып, күмәнді тұстары болған немесе сұрақ туындаған жағдайда қол қоюға асықпаған дұрыс дейді әкімдік. Адвокаттардан немесе жылжымайтын мүлік мамандарынан алдын ала кеңес алған дұрыс.
Әкімдіктің дерегінше, броньдау, алдын ала сатып алу немесе сату, инвестициялау және өзге де күмәнді шарттар заңсыз және олар тұрғын үй алуға кепілдік бермейді.