KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

Өскеменде қандай тұрғын үй кешендерінен бұзушылықтар анықталған?

27.04.2023, 20:16 580 Мадина Амангелдіқызы

Өскемен қаласының әкімдігі жаңа ғимараттардан тұрғын үй сатып алу мәселесіне жауапкершілікпен қарауды сұрайды.

Қала әкімдігі Өскемендегі бұзушылықтар анықталған тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының деректері бойынша бұзушылық фактілері анықталған жаңа тұрғын үй кешендері:

«Grand Residence» тұрғын үй кешені, мекенжайы: Красин көшесі, 11В.

Тапсырыс беруші “MRS Company” ЖШС құрылыс жұмыстарын жобалық және рұқсат құжаттарысыз жүргізеді. Сонымен қатар бұл ЖШС Instagram әлеуметтік желісіндегі "dala.sk" парақшасында сатылымды жарнамалағаны және үлескерлердің ақшасын тартқаны үшін Өскемен қаласы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

"DALA SK" ЖШС Instagram әлеуметтік желісіндегі "dala.sk" парақшасында "Grand Residence" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің сатылымын бұл объектінің құрылысын жүргізуге рұқсат құжаттары болмаса да жарнамалап отыр.  

«Brick Town» тұрғын үй кешені, мекенжайы: І.Есенберлин даңғылы, №1 учаске.

«UK Building LTD» ЖШС объектінің құрылысын белгіленген тәртіппен сараптамадан өтпеген жобалық құжаттамасыз жүзеге асырған. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды.

«Renesans» тұрғын үй кешені, мекенжайы: Өтепов көшесі, 38.

"Elit Stroy Group" ЖШС құрылыс жұмыстарын белгіленген тәртіппен сараптамадан өтпеген, бекітілген жобалық құжаттамасыз жүргізген.

Сонымен қатар құрылыс салушы үлескерлердің ақшалай қаражатын тарту үшін рұқсат құжаттары жоқ пәтерлерді сату туралы жарнаманы жүзеге асырғаны анықталды. Осы факт бойынша әкімшілік іс қозғалып, іс материалдары сотқа берілді.

«Park Line» тұрғын үй кешені, мекенжайы: Спорт шағын ауданы, 118 позиция.

"Elit Stroy Group" ЖШС құрылыс жұмыстарын белгіленген тәртіппен сараптамадан өтпеген, бекітілген жобалық құжаттамасыз, сондай-ақ бастапқы деректерді алмай жүргізген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу