KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскеменде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

Фото: ШҚО терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб

30.10.2023, 17:14 227 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласында 31 қазан күні терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі.

Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалдың дамуының түрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы бойынша шаралар қарастырылған.

- Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз, - делінген ШҚО терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив