Өскеменде жол апатының салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды
Фото: egemen.kz
Өскеменде жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. ШҚО ПД дерегінше, жарақат алған азамат сол жерде қайтыс болған.
Жол апаты 31 қазан күні 17.30 шамасында Қабанбай батыр көшесінің бойындағы 68 үйдің аумағында болған көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
— Қазіргі уақытта жол көлік оқиғасының орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, — дейді ШҚО Полиция департаменті.
Биыл жаяу жүргіншілерге қатысты 60 жол көлік оқиғасы тіркелген. 6 жол апатының салдарынан адамдар қайтыс болған.