KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
452.92 484.99 5.12

Семейде жаяу жүргінші қағып, оқиға орынан қашып кеткен жүргізушіге іздеу салынды

13.11.2019, 11:32 146

Семейде жаяу жүргінші қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға 12 қараша күні,  сағат 19:10-дар шамасында Би-Боранбай-Докучаев көшелерінің қиылысында болған. 1963 жылғы жүргінші, жаяу жүргіншілерге арналмаған тұстан жолды кесіп өтпек болыпты. Алайда, сол уақытта оны көлік қағып кеткен. Оқиға орнында жан тапсырған жүргіншіні кімнің қаққаны белгісіз. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тәртіп сақшылары қызыл күртешедегі куәгер жігітті іздеуде. Егерде сіз жол-көлік оқиғасына қатысты қандай бір ақпарат білсеңіз, 102 каналына немесе 56-27-00, 8-701-899-82-80 нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив