KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Өскемендегі көпірдің жағдайына қатысты полицейлер түсінік берді

2.11.2023, 19:50 272 Мадина Амангелдіқызы

Естеріңізге сала кетсек, бір сағаттан астам уақыт бұрын Өскемен қаласындағы көпірлердің бірінде көлік қозғалысы шектелетіні белгілі болды.

Қалалық әкімдіктің өкілдері 2 қарашада, яғни бүгін тұрақты түрде жүргізілетін тексеру кезінде Кіші Айналма ауданында (Шнайдер көпірі деп те аталады) Үлбі арқылы өтетін көпір тіректерінің бірін су шайып кеткені анықталғаны жайлы хабарлама жасады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері бұл жағдайға қатысты түсінік берді.

- Бірнеше күн бойы тоқтаусыз жауған жауын-шашынға және Үлбі өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты ҮМЗ ауданындағы Кіші айналма бойындағы көпірдің реттеу құрылыстарына зақым келуі мүмкін деген қауіп туындады. Көпірге толыққанды тексеру жүргізу және сараптамалық қорытынды алу үшін көпір бүгін сағат 18:00-ден бастап жабылды. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және автокөлік иелерінен қозғалыс бағытын алдын-ала ойластырып, қайта құруға шақырамыз. Қаланың орталық бөлігі жағынан Шәкәрім көшесі бойымен, Согра кенті жағынан Интернациональная және Бабкина Мельница көшелерінің тұстамасындағы Үлбі өзені арқылы өтетін көпірлерді пайдалануға кеңес береміз,-деді Өскемен қалалық полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөлімінің басшысы Сергей Коваленко.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив