KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскемендегі Ертіс көпірі биыл пайдалануға беріледі

19.06.2019, 12:02 300

Өскемен қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы әлі де жалғасып жатқаны белгілі. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көпірді қайта құру жұмыстары ағымдағы жылы аяқталмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айта кетсек, қаланың  екі үлкен бөлігін байланыстырып жатқан көпір 1970 жылы салынған. Нысан күрделі жөндеуден алғаш рет өткізіліп, 8 жолаққа дейін кеңейтіліп жатыр.

Жөндеу жұмыстары сонау 2014 жылы басталған еді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі көпір өткен жылы қазан айында пайдалануға беріледі деп шегелеп айтқан еді. Алайда іс ұзаққа созылып, нысандағы жұмыстардың таяу арада  аяқталар түрі жоқ секілді.

Дегенмен, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі көпірдің ағымдағы жылы пайдалануға берілетінін мәлімдеп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив