Өскеменде көпірлердің бірінде қозғалыс шектеледі
Өскемен қаласы әкімдігінің өкілдері шұғыл хабарлама жасады.
Әкімдіктің ақпараты бойынша, 2 қарашада, яғни бүгін тұрақты түрде жүргізілетін тексеру кезінде Кіші Айналма ауданында (Шнайдер көпірі деп те аталады) Үлбі арқылы өтетін көпір тіректерінің бірін су шайып кеткені анықталды. Осыған байланысты шаралар қабылдау үшін зақымдануды тексеру бойынша жұмыстар басталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бүгіннен бастап қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көпір жағдайдың барлық мән-жайы анықталғанға дейін жабылады. Қазіргі уақытта жағдайды уәкілетті қызметтер бақылап отыр. Оқиғаны мән-жайы анықталғаннан кейін хабарланатын болады. Күтпеген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалысты жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз, - деп мәлімдеді Өскемен әкімдігі.
Оқи отырыңыз