Өскемендегі фабрикалардың бірінде «Жайлы мектептерге» жиhаз дайындалады
Өскемендегі «Арлан» атты корпустық және жұмсақ жиһаз өндіретін цехте облыста салынатын «Жайлы мектептерге» жиhаз жасалады.
Бұл туралы жұмыс сапарымен кәсіпорынға барған қала әкімі Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Осындай кәсіпорындар мен кәсіпкерлеріздің қаламыздың экономикасының драйвері болуы тиіс. Егер біз өз өндірушілерімізді қолдамасақ, олардың жұмыстар ілгерілемейді. Бірақ, өкінішке орай, кәсіпкерлерлердің көпшілігі мемлекеттен қандай көмек алу керектігінен бейхабар. «Арланда» дәл солай, өз қаржысына жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын. Оның нарығы кеңеюі үшін біз оларға қолдау көрсетуіміз керек. Облыста «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында бірнеше мектеп салынып жатыр. Сол мектептерге де осы жерде өндірілетін жиhаздарды алуымыз керек, - деп атап өтті қала әкімі.
Айта кету керек, аталған цехта қазіргі күні 70 адам жұмыс істеп жатыр. Заманауи жиhаздардың сапалы болуы үшін Италия мен Түркиядан арнайы құрылғылар да әкелініпті.
- Біз өнімдерімізді республика бойынша жеткіземіз. Кез келген жиhаз жасалады. Бірақ маман жетіспей жатады. Жұмысшыларды өзіміз оқытамыз, арнайы жатақхана да қарастырған болатынбыз, - деп атап өтті «Арлан» компаниясының негізін қалаушы Әмірхан Жұмабекұлы.
Оқи отырыңыз