KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Өскеменде қазақ тілді оқушылар мектептерге сыймай жатыр

29.08.2019, 06:25 137

Өскеменде қазақ тілді оқушылардың саны өсіп келеді. Мектептерде орын жетіспейді. Ал қала басшысы Жақсылық Омар мәселені аралас мектептер  арқылы шешпек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шығыстың бас шаһарында 1 қыркүйек күні мектепке баратын оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Бұл қалалық білім бөлімінің ақпараты. Қазіргі уақытта жалпы саны 2500 орындық үш қазақ мектебі салынып жатыр. Алайда бұнымен мәселе түпкілікті шешілмесі анық.

– Үш мектеп жеткіліксіз. Бұрыннан бар мектептердің базасында аралас мектептер ашу қажет, – дейді Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив