KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
489.36 533.45 4.99

Өскеменде биыл 34 бала жол апатынан зардап шеккен

19.11.2023, 11:31 221 Назерке Каримова

Жақында 3 оқушыны көлік қағып кетті. Сақшылар сабақтан кеш шығатын жеткіншектерге жарық шағылыстырғыш лента таратып, жол ережесін үйретті, деп хабарлайды Хабар24. 

Жаттығудан қайтып келе жатқан Жарасты көлік қағып кеткен. Айтуынша, оқиға кешкі 6 шамасында болған. Бағдаршамның жасыл түсіне өте бергенде жеңіл көңіл бір топ баланы жан-жаққа ұшырған.

- Осы 5 айдың ішінде 14 бала болған. Олар – үлкен жол апатынан кейін болған балалар. Қолдарын, аяқтарын сындырған балалар көп болды. Кейбір аурулар, мысалы, бас ми шайқалуы бір күнде білінбеуі мүмкін.Ол 2-3 күнде байқалуы мүмкін. Полицейлер апталық аясында балалар ауруханасына келіп, жолдан өту ережелері туралы айтты. Қызықты болуы үшін құрғақ сөзбен емес, көңілді персонаждар, сыйлықтар арқылы насихаттады. Жасөспірімдерге жол ережесін үйрету, балаларға арналған креслодан басталады, - дейді дәрігер травматолог Есдәулет Наққажин. 

Сондықтан сақшылар болашақ аналарға осы құралдың маңызын  түсіндірді. Оны көлікке орнатуды, нәрестені дұрыс жатқызуды көрсетті. 

- 80-90% бала денсаулығын сақтап қалатын дүниелердің бірі деп айтуға болады. Көлікті басқара отырып, жол апатына түскен кезде артында баламен отырған анасы әрқашан соғылысқанда баланы ұстап қала алмайды қолымен. Кейбірі естен танып қалады, кейде соғылыс қатты болады. Мектептен кеш қайтқан оқушылар да назардан тыс қалмады. Полиция жас көмекшілерімен бірлесіп, оларға жарықпен шағылысатын лента таратты. Бұл қауіптің алдын алуға септігін тигізеді, - дейді патрульдік полицияның батальон командирі Ғабит Әбенов. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив