KZ
Өскемен
-30°
плотный туман жел 1 м/с, С
520.02 608.79 6.57

ШҚО-да 4 жасар баланы көлік қағып кетті

30.07.2019, 05:06 244

Алтайда 4 жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қайғылы оқиға 29 шілде күні 18:00 шамасында Ленин көшесінің бойында болған. Аулада ойнап жүрген бала кенет жолға шығып, арғы бетке өтпек болған. Алайда сол мезетте-ақ көлік қағып кеткен. Кейбір куәгерлердің айтуынша, көлік қаққан баланы қарама-қарсы келе жатқан тағы бір мәшине басып өткен.

– Жақында біздің ауданға жол салды. Тауға жылдам жету үшін жүргізушілердің бәрі осы жолмен өтеді. Балалар да мұнда көп жүреді. Мұндай жағдай қайталанбас үшін жылдамдыққа шектеу қоятын жол белгісін орнату қажет, – дейді аудан тұрғыны Валентина.

Оқиғаның жай-жапсары зерттелуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу