KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 1 м/с, С
503.9 603.32 6.61

Өскеменде Тәуелсіздік күніне орай эссе байқауы жарияланды

Фото: www.archynetys.com

20.11.2023, 17:03 1 051 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қалалық білім бөлімі 8-11 сынып оқушылары арасында эссе байқауын жариялайды. 
Байқау Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Оқушылардың азаматтық сана - сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатысуы мен болашағы үшін жауапкершілігін тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік - баға жетпес құндылық» атты эссе байқауын ұйымдастырып отырмыз. Қатысуға өтінімдер 5 желтоқсанға дейін zskakova@goroo.ukg.kz электронды почтасында қабылданады, - делінген ақпаратта.

Байқау екі кезеңде өткізіледі. 27  қарашадан 1 желтоқсанға дейінгі аралықта бірінші кезең – мектепішілік, ал екінші қалалық кезеңі 8 желтоқсан күні болады. 
Жүлделі орынға ие болған оқушыларғы қала әкімінің мадақтамалары, бағалы сыйлықтар тарту етілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу