KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Өскеменнің белсенді жастары марапатталды

Аяужан Утеулинованың суреті
Аяужан Утеулинованың суреті
12.12.2023, 09:55 974 Ләззат Қанатқызы

Өскеменде «Алау-2023» байқауының қорытындысы жарияланып, үздік деп танылған жастар марапатталды.

Жыл бойына жастар саясатын іске асыруға үлес қосып жүрген шаhар жастары жастарға 7 номинация бойынша марапатталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- «Алау» жастар сыйлығы жылдан жылға қаладағы өнерлі, білімді жастардың басын қосып келеді. 5 жыл ішінде 2 мыңнан астам адам қатысты. Осының өзі қазіргі жастардың қаншалықты талантты, белсенді, болашаққа ұмталғанын шүбәсіз көрсетеді. Кез келген халық, кез келген ұлт өз жастарына сенім артып, олардың болашағына үмітпен қарау керек. Сонда ғана еліміз өркендеп, мемлекетіміз дамиды, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Жалындаған жастардың жетістіктерін қолдау, еңбектеріне лайықты баға беру үшін ұйымдастырылған сайыс биыл 5-ші мәрте өтіп жатыр.

Шара барысында 7 номинациядан бөлек «Үздік әлеуметтік парақша», «Үздік асаба», «Ең дәмді кофе», «Жыл жаңалығы», «Үздік фудкорт» және «Үздік тиктокер» атты арнайы жүлделер де жүйріктерге табысталды.

Байқау нәтижесі бойынша:

«Үздік оқушы» - Ш,Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 9 «Д» сынып оқушысы Асыл Серікқанова;

 «Үздік студенттік көшбасшы» - С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Мемлкеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2 курс студенті Жігер Сарсенбаев;

«Үздік жас ұстаз» - О.Бөкей атындағы №44 лицейінің дене шынықтыру пәні оқытушысы Мадина Мухажанова;

«Үздік жас волонтер» -С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Мейірім» волонтерлер қозғалысының жетекшісі Азизбек Нурполат;

«Үздік жас өндіріс маманы» - "Согра ЖЭО" ЖШС пайдалану жөніндегі электр цехы бастығының орынбасары Антон Букин.

«Үздік жас спортшы» - "Alikhan Bokeikhan University" білім беру мекемесіне "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша 4-курс студенті, Үстел теннисінен "ҚР спорт шебері" Сағантай Құрмамбаев.

 «Үздік жас қаһарман» - ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде аға нұсқаушы құтқарушысы Аслан Советов марапатталды.

Фото: Аяужан Утеулинова

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив