KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 5 м/с, С
441.44 473.09 4.75

Өскемендегі қоғамдық көліктер тағы жаңартылады

6.01.2024, 20:09 243 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы автобус паркі 40% - ға жаңартылды. Үстіміздегі жылы жаңа қоғамдық көліктер сатып алынып, бұл көрсеткіш тағы да жаңаруы мүмкін.

Шаhар басшысының сөзінше, соңғы үш жылда қалада 101 жаңа автобус сатып алынған. Биыл тағы 54 автобусты жаңарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Одан бөлек, биыл жазда 30 жаңа шағын автобус алу да жоспарда бар көрінеді.

- Бұл жобаның бірқатар артықшылықтары бар. Бір жағынан, шағын көлемді көлік автобустардың жұмысына жол желісінің ерекшелігі кедергі келтіретін аудандардағы маршруттардың жүйелілігін қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, бұл жолаушылар ағыны әрдайым қарқынды бола бермейтін жерлерде экономикалық тұрғыдан негізделген. Сонымен қатар шағын автобустармен тасымалдауда автобус маршруттарындағы сияқты кадр тапшылығы туындамайды, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Сонымен қоса, қала тұрғындарының 30% - ы қатынайтын трамвай паркінде де жаңартулар болып жатыр. Өткен 2023 жылы төрт қоғамдық көлік сатып алынса, биыл тағы үшеуі жаңартылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив