KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Өскеменде моншада шыққан өрт сөндірілді

14.01.2024, 12:13 194 Мадина Амангелдіқызы

Өскемен қаласының Якутская көшесінде жеке тұрған екі қабатты моншада өрт шықты. Белгілі болғандай, жертөледегі бу бөлмесінің ағаш конструкциялары өртенген екен, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында 10 ш. м. алаңға таралған өрт сөндірілді.

 

Зардап шеккендер жоқ. Келушілер нысаннан өз бетінше шыққан.

 

Алдын ала өрттің себебі - электр пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

 

Өртті сөндіруге жеке құрамның 30 адамы және 8 техника тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив