Жыл басынан бері бес балабақша ел игілігіне берілді – Өскемен
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекті азайту мақсатында ағымдағы жылы 770 орындық бес балабақша ашылды.
Қазіргі күні облыс орталығында 2-3 жастағы 762 бала балабақшаға кезекте тұр, деп хабарлайлы Altaynews.kz тілшісі.
Шаhарда ағымдағы жылы бұрынғы мектепке дейінгі мекемелердің ғимараттарын қайтару жұмыстары сәтті жүргізілді.
Мәселен, Челюскин көшесі, 17/1 мекенжайындағы қайтарылған ғимараттардың бірінде биыл 140 орындық балабақша ашылды. Космический көшесі, 6/3 мекенжайындағы балабақша ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Бұрын бұл ғимараттарды басқа мекемелер пайдаланып келген болатын.
Биыл мектепке дейінгі білім беру мекемелері Челюскин көшесінде, Протозанов көшесі бойында, Сәтпаев және Есенберлин даңғылдарында және 21 шағын ауданда ашылды.
Сонымен қатар қосымша Б. Момышұлы көшесінде 50 орындық тағы бір бөбекжай ел игілігіне берілді.
Қазіргі уақытта Космический көшесі мен Сәтпаев даңғылында балабақша ашу үшін жұмыстар жалғасып жатыр.