KZ
Өскемен
-32°
туман Штиль
449.88 486.64 4.83

«Торпедо» тұрақты чемпионаттың үздік төрттігін түйіндеді

Фото "Торпедо" ХК сайтынан алынды

12.02.2024, 14:42 35 Нұржан Кенжеұлы

«Торпедо» 2023-24 жылдарғы 1хBet Pro hokei Ligasy тұрақты чемпионатын төртінші орынмен аяқтады.

Енді өскемендік ұжым сәл тынығып алып, жарыстың шешуші кезеңіне, яғни плей-оффқа дайындықты бастайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ал тұрақты чемпионат аясындағы соңғы ойынында жерлестеріміз Көкшетау қаласында жергілікті «Арланмен» шеберлік байқасты. Осы ретте, көкшетаулық ұжым биылғы жарыста ең көп ұпай жинаған және чемпиондықтан негізгі үміткер саналатын команда екенін айту керек. Соған қарамастан, «торпедолықтар» бұл ойынды өте сенімді өткізді. Тіптен, азулы қарсыласын 1:4 есебімен жеңіп жатқан кездері де болды. Алайда, кездесудің соңына қарай өскемендік хоккейшілер шаршаған болуы керек, айдында жиі қателесе бастады. Мұны байқаған көкшетаулықтар «Торпедоны» қыспаққа алды. Соңғы жиырмаминуттықта ойын тізгінін түбегейлі өз қолдарына алған айдын иелері мачтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда таразы басын теңестіріп кетті.

Қосымша уақытта қанаттанған «арландықтар» тағы бір шайба соғып, жеңісті қолдан жұлып әкетті. Қорытынды есеп 5:4 «Арланның» пайдасына!

Бұл ойында «Торпедо» сапынан Александр Архипов, Егор Кожевников, Степан Рифель мен Дмитрий Быковтың қанжығасы майланғанын айтқан жөн.

Осылайша, «торпедолықтар» 63 ұпай жинап, тұрақты чемпионаттың үздік төрттігін түйіндеді. Жоғарыда жазғанымыздай, енді жерлестеріміз жарыстың плей-офф кезеңіне дайындықты бастамақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив