KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
478.96 533.03 5.22

«Торпедо» плей-оффқа жолдама алды

Фото: "Торпедо" ХК сайтынан

25.01.2024, 12:44 196 Нұржан Кенжеұлы

2023-24 жылдарғы 1хBet Pro hokei Ligasy плей-офф кезеңінің төртінші қатысушысы анықталды.

 

«Сарыарқамен» соңғы ойында ұпай жоғалтқан Қызылжардың «Құлагері» осылайша турнирлік кестеде «Торпедоны» қуып жету мүмкіндігін айырылды. Ал, өскемендік ұжым ел біріншілігінің медальдары үшін таласты жалғастыратын командалардың үздік төрттігін түйіндеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Айта кетейік, жерлестерімізден бөлек плей-офф кезеңіне Көкшетаудың «Арланы», Астананың «Номады» мен Қазақстан чемпионаттарына қатысуға мүмкіндік алған Ташкенттің «Хумо» командасы жолдама алған.

 

Әзірге командалар биылғы маусымның тұрақты чемпионаты аясындағы ойындарын ойнауда. Мәселен, «Торпедо» соңғы екі кездесуін қонақта өткізіп, оның екеуінде де қарсыласынан басым түсті. Атап айтсақ, алдымен Рудныйдың «Горнягын» матч соңындағы буллиттер сериясында 3:2 есебімен қапы қалдырған жерлестеріміз артынша Атыраудың «Бейбарысын» овертаймда 2:1 есебімен жеңіп кетті.

 

Дәл қазір өскемендік команда 54 ұпаймен турнир кестесінің төртінші орнында орналасуда. Келесі ойынын «торпедолықтар» ертең, 26 қаңтар күні өз айдынында «Ертіс» (Павлодар) командасымен өткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив