KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Өскеменде 500 литр наурыз көже мен 5 мың бауырсақ таратылады

Фото: esquire.kz

14.03.2024, 16:52 76 Ләззат Қанатқызы

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Jan Ana» қоғамдық бірлестігінің мүшелері шаhар тұрғындарына 500 литр наурыз көже мен 5 мың бауырсақ таратпақ.

Облыстың бас шаhарында Наурыз мерекесі жыл сайын жоғары деңейде атап өтіледі. Орталық алаңға киіз үйлер тігіліп, эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өткізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Айтулы шараға белсене қатысатындар қатарында «Jan Ana» қоғамдық бірлестігі де бар. Бірлестік мүшелері екі бірдей киіз үй тігіп, 500 литр наурыз көже мен 5000-ға жуық бауырсақ таратуды жоспарлап отырған көрінеді.

- Қазір қызу дайындық жүріп жатыр. Көктемнің басты мерекесі үшін арнайы тапсырыспен киіз үйлер сатып алдық. Бір киіз үйде Ұлыстың ұлы күніне арналған салт-дәстүрлер көрсетілсе, екінші киіз үйде қазақи нақыштағы туындыларымыздан көрме ұйымдастырамыз. Сол отыз қанатты ақ сарайлардың ортасында ерекше бір композиция болады. Бірақ ол әзірге құпия. Наурыз мерекесі қарсаңында тұрғындарда тосын сый ретінде ұсынбақпыз, - дейді бірлестік жетекшісі Гүлжамал Бершімбекова.

Айта кету керек, биыл Қайсенов көшесінен орталық алаңға дейін Қазақстан көшесінің бойында 15 киіз үй тігу жоспарланған. 22 наурыз күні көпшілік қазақ эстрадасының танымал әртісі Нұргүл Мыңғатова мен Ұланғасыр Қамиевтің өнерін тамашалайтын болады. Кешкі бағдарламада Kalifarniya, сондай-ақ облыстың әртістері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетпек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив