Өскеменде бірқатар көшелерде қозғалыс жабылады
Фото: @akimatoskemen
Өскеменде мерекелік іс-шаралардың өткізілуіне байланысты бірқатар көшелерде көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Республика алаңында «Киіз үй қалашығын» орнату үшін 21 наурыз күні сағат 08.00-ден бастап қозғалыс жабылады:
- Қазақстан көшесі (Қайсенов көшесінен М. Горький көшесіне дейін);
- «Sulpak» дүкенінің маңындағы жол.
Сондай-ақ 21 наурызда мерекелік шаралардың репетициясы үшін Республика алаңы мен оның маңындағы көшелер сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жабылады.
Республика алаңында 22 наурызда сағат 07.00-ден бастап сағат 23.00-ге дейін:
- Қазақстан көшесі (Қабанбай батыр көшесінен Қайсенов көшесіне дейін);
- М. Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Пермитин көшесіне дейін);
- С.Нұрмағамбетов көшесі (Чехов көшесінен Пермитин көшесіне дейін).
Достық үйінің ауданында (ДКМ) 22 наурызда сағат 07:00-ден бастап 17-00-ге дейін:
- «Элегант» дүкені бойымен Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейінгі жол.