KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Өз өнімдеріміз неге өңірлік нарыққа шыға алмай отыр? (видео)

25.04.2024, 15:53 5 864 Қызырбек Дүргінбайұлы

Өскемендегі сауда орындары импорттық тауарларға толып тұр. Ішінара еліміздің өзге өңірлерінен жеткізілгендері де бар. Өкініштісі сол, жергілікті жерде өндіріліп жатқан өз өнімдерімізді қаланың дүкендерінен кездестіре алмаймыз. Осы орайда отандық өндірушілерді қолдау арқылы нарықтағы импорттың үлесін азайту жөнінде ШҚО әкімі Ермек Көшербаев жауапты сала басшыларына тапсырма берген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«ВостокТехноСнаб» жеке кәсіпкерлігінің цехы 6 жылдан бері шұжық өнімдерін шығарып келеді. Бірақ өскемендіктердің көбі өзімізде осындай шұжық өндірілетінін білмейтін тәрізді. Қалай десек те кәсіпкер өз өнімін өткізуде көп кедергі көріп отырғанын айтады.

– Бізге сырттан келетін тауарлармен, кейбір қазақстандық өнімдермен бәсекелесу қиынға соғып тұр. Сапасы жағынан біздің өнім бәсекеге қабілетті, бағасы да қолжетімді. Бірақ дүкендерге, ірі сауда орындарына өткізуде көп кедергі бар, – дейді кәсіпорын директоры Алексей Щедрин.

Кәсіпорында 11 адам жұмыс істейді. Тәулігіне 1,5 тонна өнім өндіруге әлеуетті цехта шұжықтың 30-дан астам, деликатестің оннан астам түрі шығарылады.

– Біз өз өнімдерімізді әрдайым бірінші орынға қойып, оның сатылымда болуына атсалысуымыз керек. Қаладағы дүкендермен жұмыс істеп, жергілікті өнімді нарыққа шығару керек. Осы салаға жауапты мамандар кәсіпкерлердің өнімін ішкі нарыққа шығаруға көмектесіп, бағыт-бағдар беретін болады, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Былтыр Алматыда өткен отандық тауар өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM-2023» көрмесінде «ВостокТехноСнаб» жеңімпаз атанғанын айта кеткен абзал.

Фото: Валерий Шведов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу