KZ
Өскемен
+23°
небольшая облачность жел 5 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Өскеменде нобель сыйлығы иегерінің драмасы сахналанады

25.04.2024, 18:28 80 Қызырбек Дүргінбайұлы

Өнердің өрісі кеңейіп, жанкүйері көбейіп келеді. Соған орай өнер ошақтары да барынша көпшіліктің көңілінен шығар дүниелер ұсынуға тырысып бағуда. Әсіресе облыстық драма театры түрлі-түрлі қойылымдарымен көрермен қошеметіне ие болып жүр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алдағы 28 сәуір күні аталған өнер ордасында египеттік драматург, Нобель сыйлығының иегері Нагиб Махфуздың «Біздің көшенің аңыздары» романының желісімен жазылған «Үлкен үй» қисса-драмасы сахналанады.

Жаңа қойылымның премьерасына дайындық қызу жүріп жатқанын көріп қайттық.

– Шығысқазақстандық көрермендер бұл жолы өзгеше қойылымды тамашалайтын болады. Нобель сыйлығының иегері Нагиб Махфуздың бұл шығармасы елімізде алғаш рет сахналанбақ. Қойылым мазмұны бойынша бір шаңырақтан тараған бірнеше ұрпақ әкелерінен теріс бата алып, ібілістің азғыруымен сан алуан жағдаяттарды бастан кешеді. Балалары үлкен үйге деген сағынышын білдіріп, қайта оралармыз деген үміттерін үзбеуге тырысады. Шығарма желісі осылай өрби отырып көрермен күтпеген оқиғамен түйінделеді, – дейді облыстық драма театрының баспасөз хатшысы Еркежан Айтқазықызы.

Шытырман оқиғаға толы драма өмірдің өрнектерінен сыр шертеді. Театрсүйер көрермен шетелдік автордың шығармасынан ой түйіп қайту үшін драма театрының сахна саңлақтары жаңа қойылымның премьерасына қызу дайындалып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив