Өскеменде із-түзсіз жоғалған зейнеткердің денесі табылды
Фото: vkcyprus.com
Облыс орталығында із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткер өлі табылды.
Қарт адамның денесі Өскемен су электр стансасы ауданындағы Левобережная көшесінен табылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
72 жастағы қала тұрғыны 20 сәуір күні сағат 10:00 шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Туыстары 21 сәуір күні Ертіс полиция бөліміне жүгінгеннен кейін жедел-іздестіру шаралары басталыпты.
- Іздестіру жұмыстарына тәртіп сақшылары мен еріктілер тартылды. Арада 3 күн өткеннен кейін Өскемен су электр стансасы ауданындағы Левобережная көшесінде қарт адамның денесі табылған. Денесінен көгерген іздер байқалмады. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз