ШҚО-да 92 жастағы зейнеткерді өлтіріп кетті
Глубокое кентіндегі пәтерлердің бірінен қарт әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО полиция департаментінің ақпараты бойынша, 14 сәуір күні Пирогов көшесіндегі көппәтерлі үйлердің бірінде өрт шыққан. Пәтерлердің бірінен 92 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды. Денесінде зорлық өлімнің белгілері бар.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл қылмысқа күдікті ретінде 32 жастағы Глубокое ауданы Прогресс ауылының тұрғыны ұсталған.
Қазіргі уақыта тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз