KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Өз сайлау учаскеңізді білесіз бе? – Өскемен

Фото: depositphotos.com

12.09.2024, 15:03 97 Ержан Әбіш

Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімітұрғындардан референдумға дейін өз сайлау учаскелерін телеграм-бот немесе арнайы қосымша арқылы анықтап алуды сұрайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары! 6 қазанға тағайындалған алдағы референдумға байланысты Сіздерден тіркелу мекенжайы бойынша сайлау учаскесін @sit_centre_vote_bot телеграм-боты арқылы тексеруді немесе өз сайлау учаскеңізді Digital East қосымшасы арқылы анықтауды сұраймыз.
Телеграм-ботта немесе қосымшада өз деректеріңіз болмаған жағдайда мына телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7232) 266536, – делінген Инстаграм желісіндегі хабарламада.

Call-орталықтың бұл нөмірі ашық және ол арқылы сайлау процесіне, дауыс беру рәсіміне, сайлау учаскелерінің жұмысына қатысты заңнамалық нормалар туралы ақпарат алуға да болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив