Өскемендегі 9 мамыр Жеңіс күнінің мерекелік бағдарламасы
Өскеменде дәстүрлі әскери техника көрмесі өтеді. Шараның негізгі қызық бөлімі Даңқ мемориалы маңында болмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Атаулы күндегі айтулы шаралар тізбегі сағат 10.00-де Өзен вокзалынан мемориалға дейінгі «Мәңгілік полк» шеруінен бастау алмақ.
10.30 – 11.00 аралығында Мәңгілік алауға жиылғандар гүл шоқтарын қояды.
11.00-ден бастап, ашық аспан астында әскери техника көрмесі, түрлі спорттық ойындар, тас жолға сурет салу конкурсы, мерекелік жәрмеңке мен концерт жұртшылық назарына ұсынылады.
Сағат 19.00- де өскемендіктерді Даңқ мемориалында театрландырылған көріністер мен «Мен бастаған әуенді жалғастыр» атты мерекелік концерт күтеді.
20.00-де боздақтарды еске алу майшамдары жағылып, 21.00- де мерекелік от-шашу өз жалғасын, таппақ. Бұдан бөлек, 9 мамыр күні «Император» сауда кешенінде мерекелік концерт пен «Уақыт көлігі» клубының жетекшілігімен ретро автомашиналар көрмесі өтеді.
11 мамырда сағат 9.00 де амфитеатрда драг-рейсингтан қалалық чемпионат өтеді.