KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность Штиль
523.86 544.34 5.11

Патриоттық танытқан белсенді жастар марапатталады

Фото: Шартты сурет

17.04.2023, 16:38 302

Патриоттық танытып, белсенді азаматтық ұстанымымен көзге түскен жастарға арналған «Ел үміті медалін» алуға енді 35 жасқа дейінгілер үміткер бола алады. 
«Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысы 2 мамырға дейін қоғамдық талқылауға салынған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 
«Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында марапатқа 14–35 жас аралығындағы ел азаматтары үміткер бола алатыны жазылған. 

  "Ел үміті медалі" – патриоттық танытқан және белсенді азаматтық ұстанымы үшін берілетін ерекшелік белгісі. "Ел үміті медалі" ерекшелік белгісін алуға 14 жастан 35 жасқа дейінгі балалар мен жастар ұсынылады", деп жазылған құжатта.

Қолданыстағы заңнамада аталған медаль жоқ. Бұл марапат түрін Оқу-ағарту министрлігі табыстайды. Осы уақытқа дейін беріліп келген баламасына тек 29 жасқа дейінгі жастар ұсынылатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу