KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Шахмат мектептерге факультативтік пән ретінде енгізіледі

Фото: Шартты сурет

24.04.2023, 23:39 305

Елдегі мектептердің оқу бағдарламасына шахмат енгізіліп, 1-4 сынып оқушылары үшін факультативтік пән ретінде өтеді. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов баяндаған. 
Шахматты мектеп бағдарламасына енгізу бірнеше өңірде пилоттық жоба ретінде қолға алынған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

–    Біз өткен жылы маусымда «Мектептегі шахмат» жобасын қолға алған болатынбыз. Мемлекет басшысымен шахматты мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енгізу туралы келістік. Біз 1-4 сыныптардан бастағымыз келіп отыр, әрине, қиынға соғады. Себебі ол нақты әрі тексерілген дайындықты қажет етеді. Дайындық барысында біз ішкі сарапшылар тобын жұмылдырдық. Сонымен қатар осы күндері шахматтан Астанада өтіп жатқан Әлем чемпионаты аясында АҚШ, Еуропа елдері, посткеңестік және Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты бірқатар елдің сарапшыларының қатысуымен халықаралық конференция өткіздік, – деді Дәрмен Сәдуақасов.

Шахматты мектеп бағдарламасына енгізу бойынша жұмысқа тартылған білім саласының мамандары мен мектеп, жоғары оқу орындарының оқытушылары халықаралық тәжірибені ескерген. 

–    Елімізде шахмат ойынын дамыту мақсатында федерацияның алдында тұрған бірқатар қосалқы міндет бар. Жалпы, шахматты мектепке енгізу пилоттық жоба ретінде Павлодар облысы, Шымкент қаласы және Түркістан облысында жүзеге асып жатыр. Бүгінде жалпы саны 30-дан астам мектепте енгізілген. Үш жыл бойғы апробация барысында шахматтың балалардың үлгерімі мен қабілетін дамытуында оң нәтижені байқадық. Ол бойынша сараптамалық қорытынды жасалды. Барлық ғылыми тәсілдер бойынша шахматтың баланың дамуына оң әсер ететіндігі дәлелденді, – дейді федерацияның бірінші вице-президенті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив