Қазақ күресі мектеп бағдарламасына енгізіледі
Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Біздің басты мақсат – қазақ күреcін әлемдік деңгейге шығару. Сол себепті күресті мектеп бағдарламасына қосуды жоспарлап отырмыз. 100 сағаттық оқу бағдарламасы әзірленіп қойды. Пилоттық жоба ретінде Нұр-Сұлтанның бес мектебінде бастаймыз. Қазақша күрес еліміздегі барлық мектебінде оқытылуы үшін мамандарды тарту қажет, – дейді ақпарат және қоғамдық даму министрі, «Qazaq kuresi» федерациясының президенті Дәурен Абаев.
Министрдің айтуынша, мамандарды дайындау үшін елордада Қазақ ұлттық күрес академиясы ашылады.
«Академия мамандарды оқытумен ғана емес, білікті арттырумен де айналысады. Қазақ күресіне өзге спорт түрлерімен тең дәрежеде көңіл бөлінуі тиіс, – деп түйді Абаев.