KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскеменде «Шахмат үйі» пайда болады

24.05.2019, 05:54 228

ШҚО-да Шахмат үйін құру бойынша жоба әзірлене бастайды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шахмат үйін құру туралы сөз аймақ басшысының азаматтарды қабылдау кезінде қозғалып отыр. Бұл кездесуге информатика пәнінің мұғалімі, шахмат бойынша жаттықтырушысы, «Шахмат әліппесі» әдістемелік оқулығының авторы Алмагүл Шакеева келген еді. Ол облыс орталығында Шахмат үйін ашуды ұсынды.

- Мен бастаманы қолдаймын. Жақын арада жобаны әзірлеуге кірісеміз. Ал әзірше дарынды балаларымызға үлкен ғимарат беріп, қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етеміз, - деп жазды Даниал Ахметов Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив